СЫРДАРИЯ – ТҮРКІСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКІ

2010 жылы Оңтүстік  Қазақста облысы әкімдігінің 06.09.2010 жылы № 251 санды қаулысымен Сырдария өзенінің жайылмасында жергілікті маңызы бар Сырдария мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы құрылды. Ауданы 2169 гектар қаумал Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жерінде құрылды. Қаумалды құрудың мақсаты – Сырдария өзенінің аңғарындағы экожүйелерді сақтау мен қалпына келтіру және Сырдария өзенінің жайылмасындағы орман алқаптарына бұхар бұғысын қайта жерсіндіру.


Аумағы және филиалдары

Өңірлік табиғи парктің жалпы жер көлемі – 119 978,418 га (қорғау аймағын қоса алғанда – 263 092,5 га).

Инфрақұрылым объектілері мен туристік маршруттарды орналастыру картасы