ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

№2 «Боралдай шатқалы - Тұра жартасы» экскурсиялық-танымдық соқпағының паспорты

Экскурсиялық-танымдық соқпақтың паспорты

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі ЕҚТА) атауы:
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2. Соқпақтың атауы:
Боралдай шатқалы - Тұра жартасы
3. Соқпақтың жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу,атпен 2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық 3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық
4. Соқпақтың ұзындығы: 3 км , аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы:
1,5 сағат (аялдау уақытын қосқанда)
5. Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі:
мамыр-қыркүйек
6. Топтағы адамдардың ең көп саны:
шектеу неге байланысты (тамашалау алаңының сиымдылығына, рекреациялық жүктеме нормаларына).Бір аптаға немесе бір айға экскурциялық топтардың лимиттері (рекреациялық жүктеме): Аптасына 10 адамнан көп емес 1 топ (демалушылардың келу қарқынына қарай).
7. Экскурсиялық маусым ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер
(егер маусым ішіндегі қандай да бір кезеңде жүктемені төмендету қажет болса, мысалы құстардың балапан басу кезеңінде құстардың мазасын алмау): Маусым айында құстардың балапан басып шығару кезеңіне орай демалушылардың санын 1 топта 5 адамнан асырмау.
8. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі:
тек қана экскурсия ұйымдастырушының алып жүруімен шығу. Есте сақтаңыз,сіз қауіптілігі жоғары таулы-құзды аумаққа барасыз. Өзіңізбен бірге не алу керек: - суға, тасқа төзімді аяқ киім; - күнге қарсы көзілдірік; - жеке дәрілерқорапшасы.
9. Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:
- табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады; - соқпақты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады; - өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз; - ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да; - ағаштар мен тастарға жазу жазбаңыз, өзіңізден кейін ат жазып,таңба жасап, естелік қалдырудың керегі жоқ; - жануарлар кездессе қорқытудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, сіз олардың қорғалу аймағындасыз; - соқпақ барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз; - сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз. - өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын; - өзіңізге естелік ретінде фотосуретке түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы; - құстардың, аңдардың және жәндіктердің ұяларын жоюға және ұстауға тиым салынады.
10. Қауіпсіздік шаралары:
Соқпақтан шықпаңыз, тік жағалауға бармаңыз, сүрлеуде жүрудің техникалық қауіпсіздік ережелерін және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
11. Соқпақпен жүріп өту жоспары:

Сүрлеу учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Пұшыққатынсай

Үлкен Тұра тасының етегі

1,5

30 мин

15мин 1аялдама

 

2

Үлкен Тұра тасының етегі

Соқпақ жолындағы аялдама

1,0

20 мин

15 мин.

1аялдама

Боралдай өзенінің жағасында

3

Соқпақ жолындағы аялдама

Тұра жартасы

0,5

10 мин

 

Көру алаңшасында

 

Барлығы

 

3

1 сағат

30 мин

 

12-13.Соқпақтың сызбасы, шартты белгілері:

14-15.Соқпақтың қысқаша сипаттамасы. Соқпақ бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

«Боралдай шатқалы - Тұра жартасы» экскурциялық танымдық сүрлеуі Пұшыққатынсайдан басталады. Теңіз деңгейінен 2414 метр биіктікте, Қошқарата ауылынан 7 км қашықтықта, Үлкен Тұра тауының етегінде, Боралдай өзенінің бойында орналасқан. Соқпақ бойы биік жартасты таулармен қоршалған. Соқпақтың төменгі бөлігінен Қараағаш, Ақшешек және жабайы алма ағаштарын, ал өзеннен өткеннен кейінгі жоғарғы бөлігінен қызыл долана, сары долана, сондай-ақ, Салаубас  дәрілік шөбі, Құлқайып гүлі, таушие және Қазақстанның Қызыл кітапбына енген Корольков шаяноты және т.б. сирек кездесетін өсімдіктер дүнисінің сан алуан түрін кездестіруге болады. Жануарлар мен құстардан бүркіт, кекілік, қара дегелек, ителгі, борсық, үнді жайрасы, қасқыр және Қазақстанның Қызыл кітапбына енген Әдемі жылтырауық инелігі (Красотка блестящая) және т.б. кездеседі. Сондай-ақ, Ақсу-Жабағылы мен Қаратау қорығы аралығын алып жатқан экологиялық дәлізінен арқарларды дүрбімен көруге мүмкіндік бар. Пұшыққатынсайдан 1,5 км өзен бойын бойлай жүре отырып, Үлкен Тұра тасының етегіндегі ашық демалыс

алаңшасына жетеді. Демалыс алаңшасының ауданы - 200 м2 шамасында. Аялдаған жердің теріскей бетінде Үлкен Тұра тасы, күнгей бетінде Боралдай шатқалы, Жолбарысқамал жартасы орналасқан. Демалу алаңшасында 15 минуттай тыныққан соң, Боралдай өзенінің арғы бетіне өтіп, Жолбарысқамал жартасының етегін бойлай, соқпақ бойымен Тұра жартасына қарай бір шақырымдай көтерілген соң, 15 минуттай қызыл долана түбіндегі орындықта айналаның жабайы табиғатын тамашалай отырып, демалған соң, ары қарай 500 метрдей көтеріліп, Тұра жартасына жетеміз. Тұра тасының көру алаңшасынан тақия тәріздес Үлкен Тұра тасының көрікті келбетін, жанында тауларды бойлай өскен ағаштардың көрінісін, биік жартасты құздарды және төменде арқырап ағып жатқан Боралдай өзенінің ирелеңдеген сұлбасын көре аламыз. Сонымен қатар, Үлкен Тұра тасында орналасқан үңгірдің көрінісін байқауға болады, оның ұзындығы шамамен 1 шақырым, ал биіктігі10 метр шамасында. Көру алаңшасы теңіз деңгейінен 2767 метр биіктікте орналасқан. Соқпақ барысында естелікке фотосуретке түсіп, ең бастысы жабайы табиғатты тамашалау барысында эстетикалық ләззат алуға мүмкіндік зор.

16.Соқпақтағы күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:
Боралдай өзенінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет, тауға шыққан кезде топпен бірге жүру керек, жалпы соқпақты жүріп өту барысында тастарды абайлап өту керек.
17.Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
Күн күркіреп жаңбыр жауғанда долана ағаштарын паналау.
18.Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар:
- күннен қорғанатын бас киім; - суға, тасқа төзімді аяқ киім; - күнге қарсы көзілдірік; - жеке дәрілер қорапшасы; - жорықта жүргенде нұсқаушының айтқандарын орындау көзделген.
19.Соқпақтың абаттандырылуы:
Соқпақта жүру бағыттары тастармен және бағдармен көрсетілген, аялдайтын жерлерде ағаштар жасалған орындықтар, қамыстан және ағаштан жасалған беседка, тастан жасалған ошақтар бар.