ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

№3 «Шұқыршақ сарқырамасы» экскурсиялық-танымдық соқпағының паспорты

Экскурсиялық-танымдық соқпақтың паспорты

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі ЕҚТА) атауы:
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2. Соқпақтың атауы:
Шұқыршақ сарқырамасы
3. Соқпақтың жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу 2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық 3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық
4. Соқпақтың ұзындығы: 1,5 км, аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы:
1,5 сағат (аялдау уақытын қосқанда)
5. Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі:
сәуір-қыркүйек
6. Топтағы адамдардың ең көп саны:
шектеу неге байланысты (тамашалау алаңының сиымдылығына, рекреациялық жүктеме нормаларына).Бір аптаға немесе бір айға экскурциялық топтардың лимиттері (рекреациялық жүктеме): Аптасына 10 адамнан көп емес 1 топ (демалушылардың келу қарқынына қарай)
7. Экскурсиялық маусым ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер
(егер маусым ішіндегі қандай да бір кезеңде жүктемені төмендету қажет болса, мысалы құстардың балапан басу кезеңінде құстардың мазасын алмау): Маусым айында құстардың балапан басып шығару кезеңіне орай демалушылардың санын 1 топта 5 адамнан асырмау
8. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі:
тек қана экскурсия ұйымдастырушысының алып жүруімен шығу. Есте сақтаңыз,сіз қауіптілігі жоғары таулы-құзды аумаққа барасыз. Өзіңізбен бірге не алу керек: - суға, тасқа төзімді аяқ киім; - күнге қарсы көзілдірік; - жеке дәрілер қорапшасы.
9. Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:
- табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады; - соқпақты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады; - өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз; - ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да; - ағаштар мен тастарға жазу жазбаңыз, өзіңізден кейін ат жазып,таңба жасап, естелік қалдырудың керегі жоқ; - жануарлар кездессе қорқытудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, сіз олардың қорғалу аймағындасыз; - соқпақ барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз; - сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз. - өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын; - өзіңізге естелік ретінде фотосуретке түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.
10. Қауіпсіздік шаралары:
Соқпақтан шықпаңыз, тік жағалауға бармаңыз, сүрлеуде жүрудің техникалық қауіпсіздік ережелерін және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
11. Соқпақпен жүріп өту жоспары:

Соқпақ учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Қошқарата өзені

Шұқыршақ шатқалының демалыс алаңы

0,8

30 мин

30 мин 1аялдама

Демалыс алаңында, Қошқарата өзенінің жағалауында

2

Шұқыршақ шатқалының демалыс алаңы

Шұқыршақ сарқырамасы

0,7

30 мин

 

Сарқыраманы бақылау алаңында

 

Барлығы

 

1,5

1 сағ

30 мин

 

12-13.Соқпақтың сызбасы, шартты белгілері:

14-15.Соқпақтың қысқаша сипаттамасы. Соқпақ бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ орналасқан Шұқыршақ елді-мекеніне бара жатқан жолда Көктерек елді-мекенінің тұсында Ақмешіт үңгірі бар, ол миллиондаған жылдар бұрын тектоникалық құбылыстың әсерінен пайда болған табиғат тылсымы. Үңгірдің ұзындығы 200-255, ені 90-95, биіктігі 60-65 метрдей. Жарықтың түсіне байланысты үңгірдің іші неше түрге еніп тұрады. Іші салқын, әрі кең. Одан ары бара жолда Бәйдібек ата ауылында Балабөген өзенінің биік жағасында Бәйдібек баба мазары орналасқан. Бәйдібек баба өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырған аса ірі тарихи тұлға. Сүйегі осы Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Аталған тарихи орындарды аралап өткен соң соқпақтың негізгі бастау алар тұсы Шұқыршақ елді-мекеніне жетеміз.  Соқпақ аталған елді-мекеннен үш шақырымдай қашықтықтағы Қошқарата өзенінің Щұқыршақ шатқалына кіре беріс жағалауынан басталады. Жаяу экскурсия шатқалдың етегімен, Қошқарата өзенін бойлай 800 метрдей жүрген соң тынығу алаңшасына жетеміз.

Ол жерде жарты сағаттай айналаның табиғи сұлулығымен тамсанып, естелікке фотосуретке түсіп, тыныққан соң, Қошқарата өзенін бойлай сарқырамаға дейін тағы 700 метрдей жүреміз. Өзеннің аңғарынан қарағаш, қызыл долана, тау шиелерді және емдік қасиеті бар жалбыз, шөп шай, киікоты т.б. шөптерді кездестіруге болады. Ал, аң-құстардан кекілік, бүркіт, қаршыға,  бөдене, жабайы үйрек, түлкі, қасқыр, қоян, жайра және т.б. кездеседі. Әсіресе, мамыр-шілде айларында өзен аңғарының барлығы жап-жасыл болғандықтан айнала кілем тәріздес көрініске еніп, тамаша әсерге бөленесің. Қошқарата өзенінің шатқалдың ішіне қарай ағып жатқаны да ерекше жағдай. Сарқырама тастардың әр жерінен шығып жатқандықтан террассалы деуге болады. Ал, сарқырамалардың құлап жатқан жері жасанды көл секілді, үлкен аумақты алып жатыр. Көру алаңынан сөзбен айтып жеткізе алмас, айналаның көркін тамашалауға мүмкіндік бар.

16.Соқпақтағы күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:
Қошқарата өзенінен үш рет өту кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет, жалпы соқпақты жүріп өту барысында тастарды абайлап өту керек.
17.Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
Күн күркіреп жаңбыр жауғанда жағалаудан биігірек орналасқан долана ағаштарын паналау.
18.Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар:
Маршрутта жүру бағыттары тастармен және бағдармен көрсетілген, демалыс алаңқайында тастан жасалған ошақтар бар.
19.Соқпақтың абаттандырылуы:
Соқпақта жүру бағыттары тастармен және бағдармен көрсетілген, аялдайтын жерлерде ағаштар жасалған орындықтар, қамыстан және ағаштан жасалған беседка, тастан жасалған ошақтар бар.