ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

№5 Аяқ Сүңгі өзені - Аяқ Сүңгі шатқалы экскурсиялық-танымдық соқпағының паспорты

Экскурсиялық-танымдық соқпақтың паспорты

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі ЕҚТА) атауы:
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2. Соқпақтың атауы:
Аяқ Сүңгі өзені - Аяқ Сүңгі шатқалы
3. Соқпақтың жіктемесі:
1) қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу, атпен және автокөлікпен 2) қолданыс уақыты бойынша: маусымдық 3) ұйымдастыру нысаны бойынша: топтық
4. Соқпақтың ұзындығы: 12,5 шақырым,аялдаманы ескере отырып, уақыт ұзақтығы:
6 сағат.
5. Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі:
сәуір-қыркүйек
6. Топтағы адамдардың ең көп саны:
шектеу неге байланысты (тамашалау алаңының сиымдылығына, рекреациялық жүктеме нормаларына).Бір аптаға немесе бір айға экскурциялық топтардың лимиттері (рекреациялық жүктеме): Аптасына 10 адамнан көп емес 1 топ (демалушылардың келу қарқынына қарай)
7. Экскурсиялық маусым ішіндегі әр түрлі кезеңдер бойынша жол берілетін рекреациялық жүктемелер
(егер маусым ішіндегі қандай да бір кезеңде жүктемені төмендету қажет болса, мысалы құстардың балапан басу кезеңінде құстардың мазасын алмау): Маусым айында құстардың балапан басып шығару кезеңіне орай демалушылардың санын 1 топта 5 адамнан асырмау
8. Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі:
тек қана экскурсия ұйымдастырушысының алып жүруімен шығу. Өзіңізбен бірге не алу керек: - суға, тасқа төзімді аяқ киім; - күнге қарсы көзілдірік; - жеке дәрілер қорапшасы.
9. Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:
- табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады; - соқпақты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады; - өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз; - ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да; - ағаштар мен тастарға жазу жазбаңыз, өзіңізден кейін ат жазып,таңба жасап, естелік қалдырудың керегі жоқ; - жануарлар кездессе қорқытудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, сіз олардың қорғалу аймағындасыз; - соқпақ барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз; - сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз. - өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын; - өзіңізге естелік ретінде фотосуретке түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.
10. Қауіпсіздік шаралары:
Соқпақтан шықпаңыз, өзеннің тік жағалауына бармаңыз, сүрлеуде жүрудің техникалық қауіпсіздік ережелерін және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
11. Соқпақпен жүріп өту жоспары:

 

Соқпақ учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты, сағат

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Бақылау өткізу пункті

№ 1 демалыс алаңшасы

4,1

 

1,7

30 мин 1аялдама

Аяқ Сүңгі өзенінің жағалауы

2

№ 1 демалыс алаңшасы

 №2 демалыс алаңшасы

4,5

1,8

30 мин 2аялдама

 

 

3

 №2 демалыс алаңшасы

Аяқ Сүңгі өзенінің бастауы

3,9

1,5

 

 

 

Барлығы

 

12,5

5

1 сағат

 

 

12-13.Соқпақтың сызбасы, шартты белгілері:

14-15.Соқпақтың қысқаша сипаттамасы. Соқпақ бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

Ақтас ауылынан соқпақ басталар бақылау-өткізу пунктіне дейін 5,4 шақырымды құрайды. Аталған пунктен басталатын соқпақтың жалпы ұзындығы 12,5 шақырым. Туристік соқпақты автокөлікпен, жаяу және атпен жүруге болады. Аяқ Сүңгі өзенін бойлай отырып, жануарлар мен өсімдіктердің сан алуан түрімен танысуға мүмкіндік бар. Атап айтсақ, жануарлар мен құстар әлемінен қасқыр, елік, түлкі, борсық, қаршыға, жабайы үйрек, қара торғай, қарлығаш, бәбісек және т.б. Әсіресе бұл аймақ дәрілік өсімдіктерге өте бай, атап айтар болсақ, киікоты, түймедағы, шай шөп, қырықтамыр, қызыл долана және жалбызды көптеп кездестіруге болады.

Сонымен қатар, мамыр айында Аяқ Сүңгі шатқалының беткейлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген грейг қызғалдағымен көмкеріледі. Жалпы бұл шатқал өзінің ландшафтарының ерекшелігімен көз тартады. Өзеннің жағалауындағы алаңшаларда тынығып, тербелген  ағаштардың сыбдыры мен тау өзенінің гүрілі және көкектің әсем үніне елітіп, бір сәт қарбалас тіршіліктен арылуға зор мүмкіншілік бар. Аяқ Сүңгі өзенің аңғарымен 4,1 шақырым жүрген соң алғашқы демалыс алаңшасында жарты сағаттай тыныққан соң, осы өзен бойымен тағы 4,5 шақырым жүре отырып екінші демалыс алаңшасына жетеміз. Осында тынығып, естелікке суретке түскен соң, Аяқ Сүңгі шатқалының бас жағына, яғни бұлақ басталар тұсына қарай жол тартамыз. Жалпы өзеннің екі жағын таулар қоршап жатыр, ал өзен бұлақтан құралғандықтан, жаздың шіліңгір ыстығында да салқын болып тұрады. Аяқ Сүңгі өзені сай-салада ағып жатқан бұлақтардан жиналып, үлкен өзенге айналады. Бұлақтың бастауы тастар мен әртүрлі емдік шөптер өсіп тұрған жерлерден шыққандықтан емдік қасиеті бар.   

16.Соқпақтағы күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:
Аяқ Сүңгі өзенінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет, жалпы соқпақты жүріп өту барысында тастарды абайлап өту керек.
17.Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
Күн күркіреп жаңбыр жауғанда ағашты паналау немесе шатыр тігіп, сонда күту.
18.Жолдамаға ақпараттық парақшаның мәтіні үшін ұсынымдар:
- күннен қорғанатын бас киім; - суға, тасқа төзімді аяқ киім; - күнге қарсы көзілдірік; - жеке дәрілер қорапшасы; - жорықта жүргенде нұсқаушының айтқандарын орындау көзделген.
19.Соқпақтың абаттандырылуы:
Соқпақта жүру бағыттары тастармен және бағдармен көрсетілген, демалыс алаңқайында тастан жасалған ошақтар бар.