ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК ТАБИҒИ ПАРКІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Пакиза бұлағы –Құмтоғай – Қаңлы үңгірі Теріскей бұғы қамал үңгірі» №8 Туристік маршрутының паспорты
Туристік маршруттың паспорты
|
№ |
Маршрут учаскелері |
Ұзақтығы, км |
Қозғалыс уақыты |
Аялдау уақыты |
Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің № |
|
|
бастап |
дейін |
|||||
|
1 |
Бақылау өткізу пункті |
Қызметтік үй |
2,5 км |
45 мин |
45 мин. 1 қызметтік үйде тамақтану |
|
|
2 |
Қызметтік үй |
Пакиза бұлақ |
3,9 км |
1 сағ. 35 мин |
15 мин 2 аялдама |
Бұлақ басында суретке түсу, тынығу |
|
3 |
Пакиза бұлақ |
Құмтоғай үнгірі |
1,2 км |
30 мин |
10 мин 1 аялдама |
Құмтоғай үнгірінде суретке түсу |
|
4 |
Құмтоғай үнгірі |
Қаңлы үнгірі |
2,7 км |
1 сағ. |
20 мин 1 аялдама |
Қаңлы үңгір маңында суретке түсу |
|
5 |
Қаңлы үнгірі |
Теріскей бұғы камал үнгірі |
3,5 км |
2 сағ. |
15 мин 2 аялдама |
Теріскей бұғы қамал үнгірінің ішін аралау, суретке түсу |
|
|
Барлығы |
|
13,85 км |
5 сағ. 50 мин |
2 сағ. 15 мин |
|
Маршруттың басталар тұсы екі шақырым қорғау аймағында орналасқан Петроглифтерге дейін, Шымкент-Шолаққорған трассасынан киелі Теректі әулие бастауы шығып жатқан Теректі ауылы арқылы 10 шақырым автокөлікпен жүреміз. Ел аузындағы аңызға сүйенсек, Теректі әулие бастауы шығу себебі былай болған деседі, кезінде бұл ауыл ауыз суды өзеннен тасып ішкен екен, күндердің бір күнінде қалмақтар бұл ауылдын адамдарын сусыз ешқайда жібермей қырамыз деп, қоршап жатады. Сонда ауылдағы Теректі деген данышпан кісі ауылдан 15 шақырым жердегі Садырқамал жақта ағып жатқан өзеннен жер асты ауылға дейін таспен қалап, су жеткізген деседі. Содан ауыл аман калып, аталған су Теректі әулие бұлағы аталған екен. Ауыл маңыда орналасқан Петроглифке автокөлік арқылы қыраттың төменгі жағына қойып қырат жағалай біздің заманымызға дейінгі ІІ – ғасырларда жазылған көне тасқа қашап жазылған жазбаны тамшалай аламыз. Аталған жазуларды ауыл тұрғындары шапқыншылық кезінде Қалмақтар қалдырған деп ойлап келген, алайда 1904 жылы орыс ғалымы Петр Иванович Комаров зерттеп тасқа қашап жазылған жазулардың қалмақтардан қалған деген сөзді үзілді – кесілді қабылдамады. Зерттей келе аталған жазулар біздің заманымызға дейінгі Қола дәуірі және Темір дәуіріне тиесілі екендігін анықтап зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Боралдай өзенінің бас жағындағы петроглифтерді 1989 -2005 жылдар аралығында анағұрлым толық зерттеп, фотосуретке түсірген Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ескерткіштерді қорғау жөніндегі бас маман А.Н.Грищенко еді. Қазіргі таңда петроглиф ескерткіштері зерттеліп жатыр. Сондай Боралдай тауын зерттеу барысында көне қала орны табылды.
![]() |
![]() |
![]() |
Ә.Марғұлан атындағы археология институтының археологтары біздің ғасырымызға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрынғы мекен еткен адамдардың тұрмыстық қалдықтарының табылғандығын айтып зерттеуде. Қазіргі таңда сол жерді мекен еткен адамдардың тұрмыстық заттар;, табақтар, кесе, улкен және кішкентай асықтар, құмыра сияқты заттардың сынықтары табылған. Археологиялық қазба жұмыстары аяқталған соң табылған заттар институттың арнайы зертханасында зерттеліп қай ғасырға жатқызылғандығы анықталатын болады. Археологиялық топтың жетекшісі Горячев Александр Анатольевич қазба жұмыстарынан табылған заттар алдымен тазаланады, сосын студенттер оның ықтимал суретін салатынын, қай ғасырға жататыны анықталып, соңында табылған заттар өңірлік парктің келу орталығына тапсырылатыны туралы айтты. Сонымен қатар бұл қазба жұмыстары кезіндегі ең нәтижелісі және құндысы - ол жартылай сынған май шам екен. Тарихи маңызы бар ескерткіштермен танысқан соң өңірлік парктің Бақылау өткізу бекетіне бет алып, жеткен соң автокөліктерді автотұраққа қойып, жаяу немесе атпен жүріп өту бағытымыз басталады. Боралдай өзенінің маңын жағалай келе өзенге қосылатын бастау бұлақтардың маңында аялдап, өзен жағасында жүре келе тамаша табиғаттың өзіндік құбылыстарының куәгері боламыз. Биік таулар алыстан көзге шалынатын Шаншар шыңын байқайсыз. Бұл шың осы маңдағы құздардың төресі десе болады, биіктігі теңіз деңгейінен 2213 метрді құрайды. Бұлақтың жанында 15 минуттай тынығып, табиғи су шығып жатқан бұлақтан шөлімізді қандырған соң, ары қарай мемлекеттік инспекторлар тұратын қызметтік үйге аяқ басамыз. Осы жолда өсімдіктердің әр алуандылығына, құбылыстарына зерттеу жүргізіп отыратын №1 фенологиялық алаңды кездестіреміз. Мұнда мемлекеттік инспекторлар бақылау жасайды. Қызметтік үйде тынығып, түскі тамақ ішкен соң, қызметтік үйдің солтүстік шығысына қарай 3,9 шақырым жерде Пакиза шыңының етек жағында орналасқан Пакиза бұлағының маңында аздап тынығып, табиғи жер асты суымен шөлдеріңізді басып аласыздар. Маршрут барысында созылып жатқан Байқалмақ сайын, Аралтау төбешіктерін, Пакиза шыңын, Кереге тас құздарын бақылай аламыз. Тамаша табиғат ортасында суретке түсіп 20 минуттай демаламыз. Одан соң өзен жағалай келе судың маңына жақын орналасқан Құмтоғай сайына да жетеміз бұл сайда демалуға арналған шағын үңгірді көре аласыздар. Аталған жерде 20 минут аялдап судың жағасында орналасқан үңгір жанында суретке түсуге болады. Бағытымыздың орта беліне де келіп қалдық, алдағы уақытта неғұрлым тыныш жүруге тырысамыз. Алдымыздан түрлі аң-құстарды көру мүмкіндіктері едәуір ұлғайады. Біз алдын жүріп өткен жол барысында да көруге болады алайда сіз қазыр нағыз тау қойнауына кіресіз. Бағытымызды жалғастырсақ өдеріңіз байқағандай біздің бұл бағыт Боралдай өзенінің бойын жағалай жүріп отырамыз. Бір сағат шамасында жүре келе Тау қыратында орналасқан Қаңлы үңгіріне келіп жетіп алаңшасында 20 минут тынығып аламыз. Туристтік бағытымыздың соңғы аялдамасы Теріскей бұғықамал үнгіріне жолға шығамыз, жол бойы көрген көріністер маңында 15 минуттан аялдап биік таулар мен қыраттар маңында суретке түсіп түрлі өсімдіктер дүниесін бақылай отырып соңғы нүктемізге жетеміз. Бұл маңда ені 30 метр шамасында үңгір бар, ел аузындағы әңгімеге қарағанда ішіне 40 жылқы сиып кетеді екен, сондай-ақ жоғарғы бөлігінде мөлдір су бар деседі. Табиғаттың тылсымына таңырқай қарап, суретке түсіп, тынығамыз. Құстарға келсек кекілік, бүркіт, тазқара, жылқыш, жұртшы кездеседі. Әсіресе жұртшы құсының емдік қасиеті өте зор екенін жергілікті халық айтып жүр. Сондай-ақ емдік қасиеті көпшілікке танымал түймедағы, жалбыз, шай шөп, шашыратқы және т.б. өсімдіктерді көптеп кездестіруге болады. Сонымен бір күнге арналған маршруттан ұмтылмастай әсер алып, одан әрі автокөлікпен Шымкентке бетке аламыз.Ә.Марғұлан атындағы археология институтының археологтары біздің ғасырымызға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрынғы мекен еткен адамдардың тұрмыстық қалдықтарының табылғандығын айтып зерттеуде. Қазіргі таңда сол жерді мекен еткен адамдардың тұрмыстық заттар;, табақтар, кесе, улкен және кішкентай асықтар, құмыра сияқты заттардың сынықтары табылған.
![]() |
![]() |
![]() |
Археологиялық қазба жұмыстары аяқталған соң табылған заттар институттың арнайы зертханасында зерттеліп қай ғасырға жатқызылғандығы анықталатын болады. Археологиялық топтың жетекшісі Горячев Александр Анатольевич қазба жұмыстарынан табылған заттар алдымен тазаланады, сосын студенттер оның ықтимал суретін салатынын, қай ғасырға жататыны анықталып, соңында табылған заттар өңірлік парктің келу орталығына тапсырылатыны туралы айтты. Сонымен қатар бұл қазба жұмыстары кезіндегі ең нәтижелісі және құндысы - ол жартылай сынған май шам екен. Тарихи маңызы бар ескерткіштермен танысқан соң өңірлік парктің Бақылау өткізу бекетіне бет алып, жеткен соң автокөліктерді автотұраққа қойып, жаяу немесе атпен жүріп өту бағытымыз басталады. Боралдай өзенінің маңын жағалай келе өзенге қосылатын бастау бұлақтардың маңында аялдап, өзен жағасында жүре келе тамаша табиғаттың өзіндік құбылыстарының куәгері боламыз. Биік таулар алыстан көзге шалынатын Шаншар шыңын байқайсыз. Бұл шың осы маңдағы құздардың төресі десе болады, биіктігі теңіз деңгейінен 2213 метрді құрайды. Бұлақтың жанында 15 минуттай тынығып, табиғи су шығып жатқан бұлақтан шөлімізді қандырған соң, ары қарай мемлекеттік инспекторлар тұратын қызметтік үйге аяқ басамыз. Осы жолда өсімдіктердің әр алуандылығына, құбылыстарына зерттеу жүргізіп отыратын №1 фенологиялық алаңды кездестіреміз. Мұнда мемлекеттік инспекторлар бақылау жасайды. Қызметтік үйде тынығып, түскі тамақ ішкен соң, қызметтік үйдің солтүстік шығысына қарай 3,9 шақырым жерде Пакиза шыңының етек жағында орналасқан Пакиза бұлағының маңында аздап тынығып, табиғи жер асты суымен шөлдеріңізді басып аласыздар. Маршрут барысында созылып жатқан Байқалмақ сайын, Аралтау төбешіктерін, Пакиза шыңын, Кереге тас құздарын бақылай аламыз. Тамаша табиғат ортасында суретке түсіп 20 минуттай демаламыз. Одан соң өзен жағалай келе судың маңына жақын орналасқан Құмтоғай сайына да жетеміз бұл сайда демалуға арналған шағын үңгірді көре аласыздар. Аталған жерде 20 минут аялдап судың жағасында орналасқан үңгір жанында суретке түсуге болады. Бағытымыздың орта беліне де келіп қалдық, алдағы уақытта неғұрлым тыныш жүруге тырысамыз. Алдымыздан түрлі аң-құстарды көру мүмкіндіктері едәуір ұлғайады. Біз алдын жүріп өткен жол барысында да көруге болады алайда сіз қазыр нағыз тау қойнауына кіресіз. Бағытымызды жалғастырсақ өдеріңіз байқағандай біздің бұл бағыт Боралдай өзенінің бойын жағалай жүріп отырамыз. Бір сағат шамасында жүре келе Тау қыратында орналасқан Қаңлы үңгіріне келіп жетіп алаңшасында 20 минут тынығып аламыз. Туристтік бағытымыздың соңғы аялдамасы Теріскей бұғықамал үнгіріне жолға шығамыз, жол бойы көрген көріністер маңында 15 минуттан аялдап биік таулар мен қыраттар маңында суретке түсіп түрлі өсімдіктер дүниесін бақылай отырып соңғы нүктемізге жетеміз. Бұл маңда ені 30 метр шамасында үңгір бар, ел аузындағы әңгімеге қарағанда ішіне 40 жылқы сиып кетеді екен, сондай-ақ жоғарғы бөлігінде мөлдір су бар деседі. Табиғаттың тылсымына таңырқай қарап, суретке түсіп, тынығамыз. Құстарға келсек кекілік, бүркіт, тазқара, жылқыш, жұртшы кездеседі. Әсіресе жұртшы құсының емдік қасиеті өте зор екенін жергілікті халық айтып жүр. Сондай-ақ емдік қасиеті көпшілікке танымал түймедағы, жалбыз, шай шөп, шашыратқы және т.б. өсімдіктерді көптеп кездестіруге болады. Сонымен бір күнге арналған маршруттан ұмтылмастай әсер алып, одан әрі автокөлікпен Шымкентке бетке аламыз.









