Құрылуы мен қалыптасу тарихы

2010 жылы Оңтүстік Қазақста облысы әкімдігінің 06.09.2010 жылы № 251 санды қаулысымен Сырдария өзенінің жайылмасында жергілікті маңызы бар Сырдария мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы құрылды. Ауданы 2169 гектар қаумал Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жерінде құрылды. Қаумалды құрудың мақсаты – Сырдария өзенінің аңғарындағы экожүйелерді сақтау мен қалпына келтіру және Сырдария өзенінің жайылмасындағы орман алқаптарына бұхар бұғысын қайта жерсіндіру.

Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Қазақстан Республикасының Түркістан облысында орналасқан заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылғы 5 кыркүйектегі №264 санды қаулысымен Арыс, Боралдай,Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерін біріктіру жолымен «Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдлық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 наурыз 2014 жылғы №247 қаулысымен «Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне» қарасты жалпы аумағы 119978 гектар жері бұдан былай орман қоры жерлері санатынан Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылды.

Негізгі мақсаты

Өңірлік табиғи парктің негізгі мақсаты – Сырдария мен Арыс өзендерінің екі жағалауындағы табиғи ландшафтарды сақтау, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық құндылығы бірегей табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи – қорықтық қорларды қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану.