37656га

Тереториясы

Бұхар бұғылар тұқымбағы

«Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ Түркістан филиалы, Сырдария өзенінің жағасында Қызылшаруа орманшылығы жерінде «Бұхар бұғылар тұқымбағы» бар. Бұғы өсіретін тұқымбақ Бүкіл дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қолдауымен және Алматы, Мәскеу қалаларындағы зоология ғылымдарының ұйғарымдарымен 1999 жылы құрылған. Бұхар бұғылар тұқымбағы қазіргі Қызылшаруа орманшылығы №22 орман қорғау айналымында орналасқан. Тұқымбақтың аумағы 2 гектар, биіктігі 3 метр темір тормен қоршалған. Вольер аумағы 2010 жылы 20 гектарға ұлғайту жұмыстары жүргізілген. Бұхар бұғылар тұқымбағы бір жағы темір тормен, қалған жағы табиғи Сырдария өзенімен қоршалған Бұғы түбекте орналасқан.

2011 жылы Бұхар бұғылар тұқымбағының қызметтік тұрғын үй салынып, бұғышыларға пайдалануға берілген. 2012 жылы Бұхар бұғылар тұқымбағы аумағын күзетуге және Бұхар бұғыларының қауіпсіздігі мен санын бақылап отыруға бейнебақылау камералары орнатылған.

Қырғауыл тұқымбағы

Сырдария–Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіде 2017 жылы ашылған қырғауыл тұқымбағы бар. Қырғауыл тұқымбағы қылғауыл санын көбейту мақсатында ашылған. Онда қырғауылдар балапандап, буыны бекіген соң бостаншыққа жіберіледі. Қырғауылдың тұқымы жойылып кетпеу үшін көбейтіліп, көбейген құстарды далаға жібереді.

Мақсатымыз – қырғауылдың тұқымын көбейтіп, саябақтарға, тоғайға, дендробақтарға жіберу. Бақтың сиымдылығы 2 гектар жер.

«Қырғауыл тұқымбағына» санына қарай тұқым бастыратын қырғауылдарды ғана қалдырады да, қалғанының бәрін күзгі уақытта еркіне жібереді. Қырғауылды тоғайға еркіне жібермес бұрын алдымен мамандар сараптамасын алады, яғни қырғауылдар өз бетінше өмір сүріп кете алатындай болған кезде ұшырылады.